Алматының Жетісу ауданында 80-бағыттағы жолаушылар автобусы қатты жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желілерде апат салдарын көрсететін бейнежазба тарады. Кадрларда автобустың ортаңғы кіреберіс бөлігі қираған, іші сынықтар мен әйнекке толы екені көрінеді.
Бейнежазба авторы – сол автобустың жолаушысы – зардап шеккендер аз, алайда олардың арасында жүкті әйел бар екенін айтты. Оның сөзінше, автобус соғып кеткен коммуналдық қызмет қызметкері де зардап шеккен.
Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі апаттың Жетісу ауданында сағат 13:25-те болғанын хабарлады.
Жол апаты салдарынан төрт адам медициналық көмекке жүгінді, олардың қатарында ЗИЛ жүргізушісі мен автобус жолаушылары бар.
21 қыркүйекте Алматының Шығыс айналма автомобиль жолында үш көлік – Mercedes E-Class, Toyota Highlander және Nissan Pathfinder қатысқан қатты жол апаты болды. Куәгерлердің айтуынша, Mercedes жүргізушісі – жас жігіт – агрессивті түрде жүріп, қатардан қатарға күрт ауысып отырған. Бір сәтте Mercedes көліктер арасына сыя алмай, Toyota Highlander-мен соқтығысты. Соққыдан кейін екі жүргізуші де басқаруды жоғалтты.
