...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыда терренкурға көлікпен шыққан жүргізушінің құқығы жоқ болып шықты

Алматыда жеңіл көлік терренкур бойымен жүріп өтті, ал оның жүргізушісінде көлік басқару құқығы болмаған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Instagram желісіндегі krisp_almaty аккаунтында Алматыдағы терренкур бойымен қозғалып бара жатқан көлік түсірілген бейнежазба жарияланды. Жазба авторы көлік ішінде бірнеше ер адам болғанын, оларға ескерту айтудан қорыққанын жеткізді.

NUR.KZ тілшісі бұзушылардың жазаланғанын анықтау үшін Алматы қаласының полиция департаментіне сұраныс жіберді. Құқық қорғау органдары жол қозғалысы ережелерін бұзған Toyota Carina көлігінің жүргізушісінің жеке басын анықтады.

«Анықталған бұзушылықтар бойынша жүргізушіге қатысты жаяу жүргіншілер жолымен жүру, сондай-ақ тиісті басқару құқығы жоқ көлік құралын басқару фактілері бойынша әкімшілік материалдар толтырылды. Сонымен қатар көлік басқару құқығы жоқ адамға көлік құралын басқаруды бергені үшін көлік иесі де әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — деп хабарлады полицияда.