Алматыда ЛРТ жобасын іске асыру аясында Төле би көшесінің учаскелерінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
12 және 13 қыркүйек күндері түнгі уақытта, сағат 23:00-ден 08:00-ге дейін Масанчи көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі және Наурызбай батыр көшесінен Желтоқсан көшесіне дейінгі учаскелерде қозғалыс жабылады.
Жөндеу жұмыстарының мерзімі технологиялық процестің ерекшеліктеріне байланысты түзетілуі мүмкін. Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері қойылады.
Жүргізушілерден маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.
Айта кетейік, 10 қыркүйектен бастап Алматыда және оған іргелес аумақтарда жөндеу жұмыстарына байланысты № 10, № 10А, № 22 және № 111 автобус маршруттарының қозғалыс схемалары да уақытша өзгерді.
4-13 қыркүйек аралығында авариялық-қалпына келтіру жұмыстарына байланысты Орталық және Талды көшелерінің Қакимбек Салықов көшесінен Жәңгір хан көшесіне дейінгі учаскесінде қозғалыс уақытша шектелген.
31 тамыздан 2026 жылдың 14 қыркүйегіне дейін Алматының Алмалы ауданында салынып жатқан «Шевченко-Байзақова» тұрғын үй кешеніне жылу, су құбыры және су бұру желілерін тарту жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты қозғалыс ішінара шектелген.
24 шілдеден 30 қарашаға дейін Шымбұлаққа қарай апаратын Медеу — Тұйықсу автомобиль жолында көлік қозғалысы уақытша шектеледі.
11 қыркүйектен жыл соңына дейін «Алматы – Бішкек» республикалық автомобиль жолының 25-шақырымында, Қаскелең қаласының маңында ірі көлемді және ауыр салмақты жүк көлігінің қозғалысы уақытша шектелген.
