...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматы мен Астанадан Гуанчжоуға қосымша рейстер іске қосылады

Алматы мен Астанадан Гуанчжоуға қосымша рейстерге билет сатылымы басталды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі Air Astana-ға сілтеме жасап.

22 тамыздан бастап әуекомпания Астанадан аптасына үш рейс орындайды. 1 қыркүйектен бастап Алматыдан рейстер күнделікті болады, бұл сапарларды ыңғайлы жоспарлауға көбірек мүмкіндік береді.

Гуанчжоу — Қытайдың оңтүстігіндегі серпінді мегаполис, бай тарихы, заманауи сәулеті және Азияның жетекші іскерлік орталықтарының бірі ретінде танымал. Осы жерден Қытайдың басқа қалаларына саяхатты ыңғайлы жоспарлауға болады.

Бұған дейін Астанадан Шанхайға тікелей рейстерді осы күзде іске қосу жоспарланғаны хабарланған болатын.

Дереккөз: Inform.kz