...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда БАҚ қызметкерлерін марапаттады: кімдер алды?

Алматыда БАҚ қызметкерлері күні қарсаңында сала өкілдерін марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Іс-шараға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенұлы қатысып, журналистер қауымын кәсіби мерекемен құттықтады. Ол бұқаралық ақпарат құралдарының қоғам өміріндегі маңызды рөлін атап өтіп, журналистердің елдегі реформаларды жариялауға, азаматтарды объективті ақпараттандыруға және қоғамдық пікір қалыптастыруға қосқан үлесін жоғары бағалады.

Салтанатты рәсім барысында Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 23 маусымдағы №1325 Жарлығына сәйкес жекелеген БАҚ қызметкерлері «Ерен еңбегі үшін» және «Шапағат» медальдарымен марапатталды.

Сонымен қатар, медиа саласы өкілдерінің бір тобына Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ведомстволық наградалары — «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі, Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары табысталды.

Дереккөз: Almaty.tv