Алматыда 20 тамыз сағат 08:00-ден 26 тамыз сағат 08:00-ге дейін Муратбаев көшесінің Райымбек батыр даңғылынан Мақатаев көшесіне дейінгі учаскесі жабылады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қалалық қызметтердің мәліметінше, жөндеу жұмыстары кезінде қозғалыс шектеледі. Аталған мерзімде Муратбаев көшесінің Райымбек батыр даңғылынан Мақатаев көшесіне дейінгі бөлігі жабық болады.
Жұмыс жүргізілетін орында қажетті ескерту белгілері, сондай-ақ мердігер ұйым басшысының байланыс деректері көрсетілген ақпараттық стендтер орнатылады.
Жүргізушілерге алдын ала бағыттарын ойластырып, сапарларын жоспарлау кезінде уақытша шектеулерді ескеру ұсынылады.
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бұған дейін Алматыда әл-Фараби даңғылына апаратын көшенің жабылғаны хабарланған болатын.
