
Полиция түнгі уақытта заңсыз орнатылған «прямоточный» дыбыс өшіргіші бар автокөлікті тоқтатты. Жүргізуші бірнеше заңбұзушылық бойынша жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Полиция мәліметінше, көлік құралы заңсыз орнатылған «прямоточный» дыбыс өшіргіш белгілерімен қозғалған. Сонымен қатар, жүргізуші маневр жасау ережелері мен жол белгілерінің талаптарын бұзған.
Жүргізушіге барлық анықталған заңбұзушылықтар бойынша әкімшілік материалдар жасалды.
Полиция көлік құралының конструкциясына өз бетінше өзгерістер енгізу, оның ішінде шулы шығару жүйелерін орнату заң талаптарына қайшы келетінін және айналадағыларға қолайсыздық тудыратынын ескертті.
Дереккөз: Inalmaty.kz