15 шілдеден бастап Алматыда сегіз автобус бағытының қозғалыс схемасы уақытша өзгереді. Бұған батыс кәріз коллекторының құрылысы және Төле би көшесін тесу жұмыстарының жалғасуына байланысты жолдардың жабылуы себеп болды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі Алматы көлік холдингіне сілтеме жасап.
Батыс кәріз коллекторының құрылысына байланысты Әбділдин көшесінің Абай даңғылына дейінгі учаскесі жабылады. Осыған орай №14, №22, №26 және №44 автобустарының бағыттары өзгереді.
Сонымен қатар, Төле би көшесін тесу бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарына және Әшімов көшесінен Алатау көшесіне дейінгі учаскенің уақытша жабылуына байланысты №15, №27, №76 және №118 автобустарының қозғалысы түзетіледі.
Жолаушыларға сапарларын жоспарлау кезінде өзгерістерді алдын ескеріп, қозғалыстың нақты схемаларын нақтылау ұсынылады.
Дереккөз: Inalmaty.kz