...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда ЛРТ құрылысы кезінде трамвай жолдары табылды

Алматыда жеңіл рельсті көлік (ЛРТ) құрылысы кезінде асфальт астында қалған трамвай жолдары табылды. Бұл туралы 2026 жылғы 15 шілдеде журналист, актер және сценарист Константин Козлов Instagram-дағы парақшасында жариялады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Видеода Козлов бұл тарихи артефактінің Төле би көшесі мен Желтоқсан және Абылай хан көшелерінің аралығында табылғанын атап өтті. Журналистің айтуынша, 30-шы жылдардан 60-шы жылдарға дейін бұл жерде ескі трамвай жүрген.

Публикация от Константин Козлов (@arsalanov1985)

Пікірлерде қолданушылар бұл табылған жәдігерге тәнті болып, рельстерді сақтап қалуды ұсынды.

Редакция олармен не істейтіні туралы сұрақпен әкімдікке жүгінді.

Алматыдағы Төле би көшесінде ЛРТ құрылысына байланысты трамвай рельстерін бөлшектеу көктемнің соңында басталды. Жеңіл рельсті көліктің бірінші кезегінің бағыты Момышұлы көшесі – Төле би көшесі – Абылай хан даңғылы – «Алматы-2» теміржол вокзалы бойымен өтеді. Ал қазір жүргізушілер шектеулер мен кептелістерге тап болып отыр.

Дереккөз: Zakon.kz