...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда саябақтарда тегін кітаптар пайда болады: буккроссинг маусымы басталады

1 маусымнан бастап Алматыда жазғы буккроссинг алаңдары жұмыс істей бастайды. Қала тұрғындары мен қонақтары қоғамдық кеңістіктерде кітаптарды тегін алып оқып, алмаса алады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Кітап сөрелері Ганди және Қарғалы саябақтарында, Мақатаев атындағы скверде, сондай-ақ №44 кітапханада (Орталық көшесі, 12Б) орналастырылады. Шілде айынан бастап Чехов атындағы Орталық қалалық кітапханада (Гоголь көшесі, 109) буккроссинг алаңы ашылады.

Алматы қаласының мәдениет басқармасының хабарлауынша, алаңдар дүйсенбіден сенбіге дейін сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істейді. Кітап қорын үнемі толықтырып, жаңартып отыру жоспарланған.

Сөрелерден көркем, танымдық және мотивациялық әдебиеттерді табуға болады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба қала саябақтары мен скверлерінде оқуды насихаттауға және мәдени демалысты дамытуға бағытталған. Буккроссинг форматы алматылықтарға таза ауада кітап оқуға ғана емес, өз басылымдарын басқа қала тұрғындарымен бөлісуге де мүмкіндік береді.

Дереккөз: Inalmaty.kz