...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда әлеуметтік кәсіпкерлерге 5 млн теңгеге дейін грант беріледі

Алматыда әлеуметтік кәсіпкерлер тізіліміне енуге өтінім қабылдау басталды. Қатысушылар мемлекеттен 5 млн теңгеге дейін грант ала алады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Құжаттарды қабылдауды Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы жүргізеді. Өтінімді шағын және орта бизнес субъектілеріне жататын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар бере алады.

Әлеуметтік кәсіпорын мәртебесі халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға, жұмыс орындарын құруға, осындай топтар үшін тауар өндіруге және қызмет көрсетуге, сондай-ақ қоғамдық пайдалы, білім беру және мәдени-ағарту жобаларын іске асыруға бағытталған кәсіпкерлерге беріледі, — деп атап өтті әкімдікте.

Әлеуметтік кәсіпкерлер үшін мемлекеттік қолдаудың арнайы шаралары қарастырылған. Оның ішінде 5 млн теңгеге дейін мемлекеттік гранттар, жеңілдікпен үй-жай беру және жеңілдетілген несиелеу бағдарламалары бар.

Өтінімдер 2026 жылғы 1-15 маусым аралығында қабылданады. Мекенжай: Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 303, 3-қабат, 302-кабинет. Белгіленген мерзімнен кейін берілген құжаттар қаралмайды. Сондай-ақ құжаттар толық болмаған немесе жалған ақпарат берілген жағдайда өтінім қайтарылады, — деп түсіндірді әкімдік баспасөз қызметі.

Қосымша ақпаратты +7 (727) 390-20-99 телефоны арқылы алуға болады. Байқау шарттары мен қажетті құжаттар тізімі сайтта жарияланған.

Дереккөз: Inform.kz