...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі 9 мамырда жабылады

Алматыда Рысқұлбеков көшесінде орташа жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жол қозғалысына шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

9 мамыр күні сағат 08:00-ден 23:00-ге дейін Саина көшесінен Мұстафин көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс толығымен жабылады.

Жөнделіп жатқан учаскеге ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты көрсетілген стендтер қойылады. Қала тұрғындарына маршрутты алдын ала жоспарлау ұсынылады.

Еске салайық, жол қозғалысын шектеу туралы барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram-арнасында және әкімдіктің әлеуметтік желілерінде жарияланған.

Дереккөз: Almaty.tv