21 шілдеде Алматының Түрксіб ауданында, Сүйінбай даңғылындағы бір қабатты қоймада өрт шықты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, алғашқы бөлімшелер келген кезде қойманың ашық жануы байқалған. Өртті сөндіруге ТЖМ, қалалық Құтқару қызметі, өрт пойыздары, Апаттар медицинасы орталығының бригадасы және басқа да жедел қызметтер жұмылдырылды. Суды үздіксіз жеткізу үшін ТЖМ өрт автопойызы мен ҚТЖ өрт пойызы пайдаланылды.
Жедел іс-қимылдардың арқасында кәсіпкерлердің тауарлық-материалдық құндылықтарының едәуір бөлігін оттан сақтап қалуға, сондай-ақ өрттің көрші қоймалар мен жақын орналасқан нысандарға таралу қаупінің алдын алуға мүмкіндік туды, — делінген ТЖМ хабарламасында.
Өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.
Дереккөз: Inform.kz