...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыда қатты жаңбыр: 70 мобильді бригада кезекшілікке шығады

Алматыда 4 қазан күні кешкі сағат 21:00-ден кейін жаңбыр басталып, түн ортасынан кейін қарқыны күшейіп, кей жерлерде 15-20 мм-ге жетеді. 5 қазан күні таңертең жаңбыр әлсіреп, түске дейін тоқтайды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

«Қазгидромет» мәліметінше, жауын-шашынның салдарынан су басу қаупіне жол бермеу үшін қалада 70 мобильді бригада кезекшілік етеді. 337 бірлік арнайы техника, 103 мотопомпа және 2,4 мың құм салынған қап дайындалды. Жұмысқа 717 маман тартылды.

Негізгі күш су жиналуы мүмкін учаскелерге шоғырландырылады. Жалпы қала көшелеріне 3080 жол жұмысшысы мен 1225 бірлік техника шығады.

6 қазанда Алматыда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Бұған дейін Қазақстанда 2026 жылғы 5 қазанға дауылды ескерту жарияланғаны хабарланған болатын.