...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыда «Байқоңыр» метро станциясы уақытша жабылады

Алматыда «Байқоңыр» метро станциясы уақытша жабылады. Шектеу 4 қазан күні сағат 20:30-дан 22:00-ге дейін созылады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Алматы метрополитенінің Instagram парақшасында жазылғандай, 4 қазан күні Орталық стадионда концерт өтетіндіктен, метро күшейтілген режимде жұмыс істейді.

Қала тұрғындарына «Байқоңыр» станциясының жұмысындағы шектеу туралы ескертілді.

«Осы уақыт аралығында «Байқоңыр» станциясына кіру мен шығу уақытша жабылады», — деп хабарлады метрополитеннің баспасөз қызметі.

Станция сағат 22:00-ден бастап метро жұмысы аяқталғанға дейін ашық болады.