Алматыдағы «Интер Мульти Сервис» ЖШС қағаз өндірісін жаңғыртып, кәсіпорынның қуатын жылына 50,4 мың тонна өнімге дейін арттыруға 1,1 млрд теңгеден астам қаржы салады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.
Министрліктің мәліметінше, жоба құны 1,1 млрд теңгеден асады. Кәсіпорынға бояу жабдығы жеткізіліп, оны орнатуға дайындық жүргізілуде. Сондай-ақ қағаз жасайтын машинаның келуі күтілуде.
— Жоба құны 1,1 млрд теңгеден асады. Кәсіпорынға бояу жабдығы жеткізіліп, оны орнатуға дайындық жүргізілуде. Сондай-ақ қағаз жасайтын машинаның келуі күтілуде, — деп хабарлады ҚР Экология министрлігі.
Өндірістік желіні жаңғыртуды 2026 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.
Еске салайық, 2025 жылдың қазан айынан бастап Қазақстанда өндірілген қағаз мемлекеттік сатып алуда артықшылыққа ие болады.
