...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

«Қазгидромет» Алматы мен Астанада ауа райы қолайсыз болатынын ескертті

«Қазгидромет» 24 қазанда Ақтөбе мен Алматыда, сондай-ақ түнде Астана мен Көкшетауда ауа райының қолайсыз жағдайы күтілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) — бұл зиянды (ластаушы) заттардың жер үсті атмосфералық ауа қабатында жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, әлсіз жел, тұман, инверсия) үйлесімі.

Сонымен қатар «Қазгидромет» дауылды ескерту жариялады. Синоптиктер -7°С-қа дейін аяз, қар және бұрқасын туралы ескертті.