...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда QADAM сквері салынып жатыр: арочная композиция мен фонтаны болады

Алматының Әуезов ауданында Саина мен Улугбек көшелерінің қиылысында жаңа QADAM скверінің құрылысы жүріп жатыр. Қала әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс аралау барысында нысанның құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Скверде әртүрлі табиғи жабындармен тактильді аллея, балалар алаңы, жүгіру жолы, сырғанау және паркур аймақтары, серуендеу кеңістіктері және көгалдандыру қарастырылған.

Орталық элементтердің бірі – субұрқағы, жарықтандыруы және «Болашаққа қадам» жазуы бар аркалық композиция.

QADAM тұжырымдамасы қозғалыс, түрлі фактуралар, дыбыс, су және жарық үйлесіміне негізделген.

Алматының алдағы жылдардағы дамуы туралы толығырақ ақпаратты осында біле аласыз.