...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыдағы аса қауіпті инфекциялар орталығында өрт шықты

Алматыдағы Мағұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығының әкімшілік ғимаратында өрт болды. Өрт сөндірілді, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Орталық аумағында өрт сөндіру көліктерінің түскен кадрлары almatinec_live Instagram парақшасында жарияланды.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі ақпаратты растады.

«21 қыркүйекте сағат 23:45-те Алматы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері мына мекенжайға жіберілді: Түрксіб ауданы, Жаһангер көшесі, 14. Жеткен соң бірнеше минуттан кейін екі қабатты әкімшілік ғимараттың екінші қабатында шамамен 20 шаршы метр аумақта тұрмыстық техника мен заттардың жануы анықталды. Сағат 00:38-де өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына Алматы ТЖД-дан 20 адам жеке құрам мен 5 бірлік техника тартылды. Зардап шеккендер жоқ», — делінген хабарламада.

Өрттің себебі анықталуда — алдын ала нұсқа бойынша, қысқа тұйықталу.