Алматыда полиция профилактикалық және жедел жұмысты күшейтті, бұл туралы 20 қарашада қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Almaty.news ақпарат агенттігі.
Іс-шара аясында құқық бұзушылықтарды анықтау мен жолын кесуге, қылмыстардың алдын алуға басты назар аударылады.
Ерекше бақылауда — Жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзу, оның ішінде көлікті мас күйінде басқару, жылдамдықты асыру және жолдардағы басқа да қауіпті әрекеттер.
Полиция қала тұрғындары мен қонақтарын заңнаманы, жол жүрісі қағидаларын және қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырады.
Бұл туралы хабарлама Алматы қаласының ПД | ДП г.Алматы (@almaty.police) парақшасында жарияланды.
Осы орайда еліміз бойынша жүргізуші куәлігінен айырылған адамдардың көлік басқаруына қарсы іс-шара жүргізіліп жатқаны белгілі болды. Соңғы бес күнде ғана полиция осындай 245 жүргізушіні ұстаған.
