
Алматыда кәмелетке толмаған оқушы мектепке балта әкелген. Ол интернеттегі нұсқаулар бойынша әрекет еткен болуы мүмкін. Оқиғаның алдын алуға мүмкіндік туды, тергеу басталды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқушы әлеуметтік желілер арқылы алған нұсқаулардың әсерінен құқыққа қайшы әрекет жасауды жоспарлаған. Полиция қызметкерлерінің уақтылы араласуының арқасында ықтимал құқық бұзушылықтың алды алынды.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы, оның ішінде жасөспірімді құқыққа қайшы әрекетке тартуға қатысы бар адамдар анықталуда. Сонымен қатар, кәмелетке толмағанның заңды өкілдеріне қатысты тәрбие міндеттерін тиісінше орындамау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Дереккөз: Inalmaty.kz