Алматыда өзен арналарын қайта жаңарту жұмыстары жалғасуда. Жобалар айналадағы аумақтарды абаттандыруды және қауіпсіз қоғамдық кеңістіктер құруды көздейді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Қала әкімі Дархан Сатыбалды Үлкен Алматы өзенінің бір учаскесінде құрылыс жұмыстарындағы кемшіліктерді анықтап, мердігерге барлық талаптарды сақтауды және кемшіліктерді жоюды тапсырды. Сонымен қатар, Қарғалы өзенінде – Жандосов көшесінен Рысқұлов даңғылына дейінгі аралықта жұмыстар жүргізілуде. Мұнда тротуарлар, жарықтандыру, жаяу жүргіншілер көпірлері, шағын сәулеттік формалар және көгалдандыру қарастырылған.
Әкім құрылыс сапасын бақылауды күшейтіп, барлық жобаны мерзімінде аяқтауды тапсырды, – делінген хабарламада.
Дереккөз: Almaty.tv