...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыда нөсерден кейін «Алатау» метро станциясына кіреберістегі су сорылды

Алматыда қатты жауған жаңбырдан кейін «Алатау» метро станциясының кіреберісінде жиналған су сорылып, станция қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қала әкімдігінің мәліметінше, метрополитен мамандары станция кіреберісіндегі жиналған суды сорып шығару жұмыстарын жүргізген. Бұған дейін алматылықтар нөсерден кейін Жароков көшесінің Абай даңғылымен қиылысындағы жаяу жүргіншілер аймағында және «Алатау» метро станциясына апаратын баспалдақ бойымен су аққанын айтқан болатын.

Әкімдіктің баспасөз қызметі қатты жауын-шашын салдарынан «Алатау» станциясының солтүстік жаяу жүргіншілер өткелін су басқанын растады.

«Метрополитен мамандары жиналған суды сорып шығару және аумақты тазалау жұмыстарын жүргізді. Су басу салдары жойылды. «Алатау» метро станциясы қалыпты режимде жұмыс істеп, жолаушыларға қызмет көрсету шектеусіз жүргізілуде», — деп қосты ведомствода.