...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыда метро салуға байланысты Алатау даңғылындағы қозғалыс шектеледі

Алматыда жаңа метро станциясының құрылысына байланысты Алатау даңғылы бойынша көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Көлік Абай даңғылынан Улугбек көшесіне дейінгі аралықта жүре алмайды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Almaty Joly Telegram-арнасының мәліметінше, шектеу 13 қарашадан бастап енгізіледі. Себебі — жаңа метро станциясының құрылысы.

Көлік қазірдің өзінде салынып қойған айналма жолмен жүргізіледі. Жаңа №1 станция Алатау даңғылында, Абай даңғылынан солтүстікке қарай орналасады. Жүргізушілерден маршрутты алдын ала жоспарлап, жол белгілеріне назар аудару сұралады.

«Көлік қазірдің өзінде салынып қойған айналма жолмен жүргізіледі. Жаңа №1 станция Алатау даңғылында, Абай даңғылынан солтүстікке қарай орналасады. Жүргізушілерден маршрутты алдын ала жоспарлап, жол белгілеріне назар аудару сұралады», — делінген хабарламада.

Бірінші желінің үшінші кезегі жобасы шамамен 5,3 шақырым тоннель және үш жаңа станция салуды көздейді.

№2 станция Алатау даңғылының болашақ Төле би көшесімен қиылысқан жерінде пайда болады, ал №3 станцияны «Барлық» базарының маңынан салу жоспарланып отыр. Мұнда метро, автобус маршруттары мен LRT-ні біріктіретін көлік-алмасу торабы салынады. Сондай-ақ тұрақ қарастырылған.