Алматыда жаңбырдан кейін бірнеше автобус шұңқырға түсіп, Ильяс Жансүгіров көшесінде кептеліс пайда болды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Оқиғаны куәгерлер бейнеге түсіріп, әлеуметтік желіде жариялады. Кадрда автобустар мен жаяу жүргіншілердің кептелісі көрінеді.
«Алматы Су» мекемесі қала тұрғынының жазбасына жауап берді. Онда Ержанов көшесінде асфальт жабынын қалпына келтіргеннен кейін жөндеу жұмыстары жүргізілген жерлерде топырақтың шөгуі орын алғаны атап өтілді.
Компания бұған мол жауын-шашын себеп болғанын түсіндірді. Мамандар жағдайдың бақылауда екенін жеткізіп, тұрғындардан келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұрады.
Бұл бүгінгі күннің алғашқы оқиғасы емес. Бұған дейін Достық даңғылында жаяу жүргіншілер жолының шөккені хабарланған. Сондай-ақ метро станцияларының бірінің суға толған кіреберісі де бейнеге түскен.
