Алматыда метро вагонында белгісіз ер адам қызға қол жұмсаған. Әлеуметтік желіде тараған видео полицияға негіз болды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Алматы полициясының Instagram-парақшасында хабарланғандай, метрополитендегі қызға қол жұмсау туралы ақпарат әлеуметтік желіде пайда болған. Жәбірленуші белгісіз ер адамның өзіне қатысты құқыққа қайшы әрекет жасағанын хабарлаған. Осыдан кейін метрополитен полициясы тексеріс бастап, күдіктінің жеке басын анықтап, ұстаған.
Жиналған материалдар сотқа жолданды. Сот шешімімен бұзушы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды, — деп мәлімдеді полиция.
Алматы полициясы қоғамдық орындардағы кез келген құқыққа қайшы әрекетке қатаң құқықтық баға берілетінін және кінәлілердің жауапқа тартылатынын ескертеді.
Дереккөз: Nur.kz