...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Лайк пен хайп үшін жол ережесін бұзған: Алматыда бес жүргізуші жауапқа тартылды

Алматы полициясы әлеуметтік желілердегі бейнежазбалар арқылы жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған бес жүргізушіні анықтап, оларды жауапқа тартты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында осы бұзушылықтарды анықтаған. Жүргізушілердің кейбірі өз әрекеттерін лайк пен қаралым жинау үшін арнайы түсіріп, жариялаған.

«Жол қозғалысы ережелерін көрсетіп бұзу лайк пен қаралым үшін жазасыз қалмайды. Өкінішке қарай, кейбір жүргізушілер қала көшелерін қауіпті ойын-сауық алаңы ретінде қабылдауды жалғастыруда. Олар өздерінің бұзушылықтарын бейнеге түсіріп, танымалдыққа үміттенеді, алайда мұндай материалдар полицияға құқықбұзушыларды жедел анықтауға көмектеседі», — деді Алматы қалалық ПД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғайбаев.

Оның айтуынша, соңғы бірнеше күнде әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында бес автобұзақы анықталған. Олардың барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен айыппұлдардан бөлек, бұзушыларға әкімшілік қамақ тағайындалды.

Дереккөз: Nur.kz