...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Қоғам

Алматыда метрода қызға қол сұққан ер адам бес тәулікке қамалды

Алматыда метрополитенде жолаушы қызға қатысты құқыққа қайшы әрекет жасаған ер адам ұсталып, сот шешімімен бес тәулікке қамалды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, бұған дейін қыз әлеуметтік желіде метрода белгісіз ер адамның өзіне қатысты құқыққа қайшы әрекет жасағанын хабарлаған. Осы жазбадан кейін метрополитен полиция басқармасының қызметкерлері тексеріс жүргізіп, күдіктінің жеке басын анықтаған. Ер адам ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді.

Жиналған материалдар сотқа берілді. Сот шешімімен құқық бұзушы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, бес тәулікке қамауға алынды.

Алматы полициясы кез келген қоғамдық орындардағы құқыққа қайшы әрекеттер заңды бағаланатынын және кінәлілердің жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

Дереккөз: Inalmaty.kz