...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда 36 градустық ыстыққа байланысты дауылды ескерту жарияланды

Алматыда 36 градустық ыстыққа байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қалалық ТЖД мәліметінше, 27 маусымға арналған дауылды ескерту жарияланды. «Қазгидромет» РМК деректері бойынша, күндіз ауа температурасы +35…+36 градусқа дейін көтеріледі. Сондай-ақ өрт қаупінің жоғары деңгейі сақталады.

Қолайсыз ауа райына байланысты ТЖД тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға шақырды.

Құтқарушылар тауда демалған кезде от жақпауға, сөндірілмеген сіріңке мен темекі тұқылын қалдырмауға, сондай-ақ қысқа тұйықталу мен өртті болдырмау үшін бірнеше қуатты электр құрылғыларын бір уақытта пайдалану арқылы электр желісін шамадан тыс жүктемеуге кеңес береді.

Сонымен қатар, алматылықтарды балаларды су айдындары мен тұраққа қойылған автокөлік салондарында қараусыз қалдырмауға, күннің ең ыстық сағаттарында күн астында болуды шектеуге, бас киім киюге, көбірек су ішуге және қарқынды дене жүктемелерінен аулақ болуға шақырады.

Дереккөз: Inalmaty.kz