Алматы прокуратурасы медициналық қарсы көрсетілімдеріне қарамастан көлік басқарған жүргізушілер туралы мәлімдеді. Прокурорлардың ақпаратынша, қалада мұндай 1194 жүргізуші анықталған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Прокуратураның мәлімдеуінше, бұл адамдар абсолютті медициналық қарсы көрсетілімдерге қарамастан көлік құралдарын басқарған. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша Алматы қаласының полиция департаменті аталған тұлғалардың жүргізуші куәліктерінің әрекетін тоқтату бойынша жұмыс жүргізуде.
«Бүгінгі күні Алматы қаласының соттары 381 талап-арызды қанағаттандырды, қалған материалдар бойынша жұмыс жалғасуда», — деді прокурорлар.
Қадағалау органы денсаулық жағдайы жол қозғалысы қатысушыларының қауіпсіздігіне қауіп төндіретін адамдарды жол қозғалысынан шығару үшін жұмыс жүргізіп жатқандарын мәлімдеді.
