Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, шақырту бойынша жедел жеткен құқық қорғау органдары қызметкерлері арызданушы келтірген ақпараттың растығын анықтаған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Ер адам қатты масаң күйде болып, агрессивті мінез танытқан. Кейін ол пышақ жарақатын оған әйелі салған деп айтуға тырысқан, алайда бұл нұсқа расталмаған.
Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ер адам полиция бөлімшесіне жеткізілген. Оған қатысты әйелдерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің қызметкерлері қорғау нұсқамасын шығарған.
Дереккөз: Zakon.kz