...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Қоғам

Алматыда Ұлттық домбыра күніне орай мерекелік шара өтті

Алматыда Ұлттық домбыра күніне орай ұлттық өнер мен мәдениетті насихаттауға бағытталған мерекелік акция ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Шара барысында қаланың шығармашылық ұжымдары мегаполистің тұрғындары мен қонақтарын ұлттық мерекемен құттықтап, дәстүрлі қазақ өнерінің үздік үлгілерін көрсетті, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Мерекелік шараның маршруты Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрынан басталып, Панфилов көшесімен өтіп, Арбатта аяқталды. Көшелерде орындалған ұлттық музыкалық туындылар мерекелік атмосфера қалыптастырып, алматылықтар мен қала қонақтарына жарқын эмоция сыйлады.

Акцияға қаланың жетекші шығармашылық ұжымдары – «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі, Ашимов атындағы театрдың шығармашылық ұжымы және «Алатау» дәстүрлі өнер театрының әртістері қатысты. Олар қазақ халық әндері мен күйлерін орындап, ұлттық стильдегі би нөмірлерін көрсетіп, қазақ халқының бай мәдени мұрасын паш етті.

Ұлттық киім киген әртістердің жарқын шеруі мен домбыраның әуезді үні қала тұрғындары мен қонақтарының үлкен қызығушылығын тудырып, жылы лебізге бөледі. Шараға қатысушылар дәстүрлі әндерге қосылып, әртістерді жылы қарсы алып, мерекелік атмосфераны бөлісті.

Дереккөз: Nur.kz