...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда құрылыстан шығып, 25 жастағы ер адам жоғалып кетті

Алматыда 25 жастағы Егізбай Ерзат Шалқарұлы із-түзсіз жоғалып кетті. Оны соңғы рет 19 мамырда сағат 14:30 шамасында Жетісу ауданы, Райымбек көшесіндегі 147Б үйінің маңындағы құрылыс алаңынан жұмыстан шығып бара жатқанда көрген, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Жоғалған адамның белгілері: бойы 165-170 см, орташа дене бітімі, қара шаш, қысқа. Киімі: қара кепка, қоңыр күртеше, қоңыр кофта, қара шалбар, қара кроссовка.

Волонтерлер LIDER.KZ Instagram-дағы хабарламасында: «19 мамырда сағат 14:30 шамасында Жетісу ауданы, Райымбек көшесі, 147Б үйінің жанындағы құрылыстан жұмыстан шыққан», — делінген.

Алматы полиция департаментінің хабарлауынша, жоғалу фактісі бойынша іздестіру ісі қозғалып, жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Полиция жоғалған адамның орналасқан жері туралы ақпараты барларды +7 701 375 92 91, +7 705 105 31 31 нөмірлеріне хабарласуға немесе 102 пульті арқылы полицияға хабар беруге шақырады.

Дереккөз: Nur.kz