
Алматының Алатау ауданындағы Мәдениет шағын ауданында төтенше жағдайдың алдын алуға мүмкіндік туды: алтыншы қабаттағы пәтердің ашық терезесінен бала құлағалы тұрған, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері жедел жетіп, автокөтергіш көмегімен терезеге көтеріліп, баланы эвакуациялады. Ведомство мәліметінше, пәтердің есігі құлыптаулы болған, ата-анасы үйде болмаған. Құтқарылған баланың жасы шамамен бес жаста. Оқиғадан кейін оны полиция қызметкерлеріне тапсырды.
ТЖМ бірінші кезекші караулдың (СПЧ-19) кәсіби әрекеттерін атап өтті. Құтқару операциясына аға өрт сөндіруші Нұрпейісов Сұлтан Серікұлы және өрт автокөтергішінің аға нұсқаушысы Кенже Дәулет Нәсіпұлы қатысты, ол автокөтергішті пәтер терезесіне дәл көтерді.
Ведомство ата-аналарға кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауға және терезелерге арнайы қорғаныс құрылғыларын орнатуға кеңес береді.
Дереккөз: Inalmaty.kz