25-27 тамыз аралығында Қазақстанның әр өңірінде ауа райы әртүрлі болады. Алматыда күшті жел мен жаңбыр күтілсе, Астана мен Шымкентте жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, ел бойынша бір уақытта жаңбыр мен қарға айналатын жауын-шашын, сондай-ақ ауа температурасының +35°С-қа дейін жоғарылауы күтілуде.
Алматыда 25 тамызда айнымалы бұлттылық, түнде жаңбыр, күндіз аздаған жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан соғады, 3-8 м/с, кейде екпіні 18 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +17…+19°С, күндіз +26…+28°С.
26 тамызда Алматыда айнымалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан, 3-8 м/с, кейде екпіні 15 м/с. Температура түнде +13…+15°С, күндіз +26…+28°С.
27 тамызда да жауын-шашынсыз, жел солтүстік-шығыстан 3-8 м/с. Температура түнде +15…+17°С, күндіз +28…+30°С.
Астанада 25 тамызда айнымалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік, солтүстік-батыстан, түнде 2-7, күндіз 7-12 м/с. Температура түнде +8…+10°С, күндіз +24…+26°С.
26 тамызда Астанада жауын-шашынсыз, жел солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысады, 5-10 м/с. Температура түнде +9…+11°С, күндіз +27…+29°С.
27 тамызда жел оңтүстік-батыстан, 7-12 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Температура түнде +13…+15°С, күндіз +29…+31°С.
Шымкентте 25 тамызда айнымалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан, 8-13 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Температура түнде +16…+18°С, күндіз +31…+33°С.
26 тамызда жауын-шашынсыз, жел солтүстік-шығыстан 8-13 м/с. Температура түнде +18…+20°С, күндіз +34…+36°С.
27 тамызда жауын-шашынсыз, жел шығыстан 8-13 м/с. Температура түнде +20…+22°С, күндіз +35…+37°С.
