Қазақстанда 13-15 қазан аралығында жауын-шашын, желдің күшеюі және тұман күтіледі, ал көптеген өңірде температура төмендейді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Астанада 13 қазанда айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Батыс бағыттағы жел секундына 3-8 метр жылдамдықпен соғады. Түнде ауа температурасы +2…+4°С, күндіз +13…+15°С болады.
14 қазанда айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыс жел секундына 3-8 метр. Түнде +2…+4°С, күндіз +14…+16°С.
15 қазанда айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыс жел түнде секундына 3-8 метр, күндіз 7-12 метр. Түнде -2…-4°С аяз, күндіз +5…+7°С.
Алматыда 13 қазанда айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыс жел секундына 3-8 метр. Түнде +10…+12°С, күндіз +20…+22°С.
14 қазанда айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыс жел секундына 3-8 метр. Түнде +7…+9°С, күндіз +20…+22°С.
15 қазанда айнымалы бұлтты, кейде жаңбыр жауады, күндіз найзағай болады. Солтүстік-шығыс жел секундына 3-8 метр, күндіз екпіні 13 метр. Түнде +7…+9°С, күндіз +15…+17°С.
Шымкентте 13 қазанда айнымалы бұлтты, түннің бірінші жартысында жаңбыр мен найзағай. Солтүстік-шығыс жел секундына 8-13 метр, екпіні 15-20 метр. Түнде +8…+10°С, күндіз +21…+23°С.
14-15 қазанда айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыс жел секундына 8-13 метр. Түнде +8…+10°С, күндіз +23…+25°С.
