Алматыда тұмауға қарсы екпе науқаны басталды, тәуекел тобына жататын азаматтарға вакцина тегін салынады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Дәрігердің айтуынша, адамның тәуекел тобына жататынын және қай жерде екпе алуға болатынын білу үшін өзінің емханасына жүгіну қажет.
Маманның сөзінше, вакцинация – тұмаудың алдын алу әдістерінің бірі, ол ауруға шалдығу қаупін және оның асқынуларын азайтуға көмектеседі.
9 қазанда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі елімізде маусымдық тұмаудың A(H1N1)pdm09 түрінің алғашқы бес жағдайы тіркелгенін мәлімдеді. Тұмаудың үш жағдайы Астанада, екеуі Маңғыстау облысында анықталған.
