Алматының ең көне көшелерінің бірінде жөндеу жұмыстарына байланысты 12 қазаннан бастап түнгі уақытта көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Almaty_Joly Telegram-арнасы хабарлады.
Тұрғындарға айтылғандай, күндізгі уақытта аталған учаскеде автокөлік қозғалысы ашық болады.
Осыған байланысты жол қозғалысына қатысушылардан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды, уақытша жол белгілерінің талаптарын сақтауды және баламалы бағыттарды алдын ала жоспарлауды сұрады.
Жөндеу жұмыстарының мерзімі ауа райы жағдайларына және жөндеудің технологиялық процесіне әсер ететін өзге де факторларға байланысты түзетілуі мүмкін.
Бұған дейін Алматы әкімдігі Саина көшесінде SkyTrain жазуы бар қоршаулардың пайда болу себебін түсіндірген болатын.
