...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда Құрылтай сайлауы күні 60 сәби дүниеге келді

2026 жылғы 23 тамызда, Құрылтай депутаттарын сайлау күні, Алматының медициналық ұйымдарында 60 сәби дүниеге келді, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қала әкімдігінің мәліметінше, сағат 00:00-ден 19:00-ге дейін 30 қыз және 30 ұл бала өмірге келді.

Бұл күні Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына қарасты перзентханалар мен басқа да медициналық ұйымдардың пациенттері мен қызметкерлері азаматтық құқығын пайдаланды.

Көптеген отбасы үшін 23 тамыз ерекше күн болды: ол маңызды қоғамдық-саяси оқиғамен және жаңа өмірдің дүниеге келуімен есте қалады.

Бұған дейін Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 нәресте дүниеге келгені хабарланған еді.