...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда апта соңына қарай ауа температурасы +16 градусқа дейін төмендейді

Синоптиктер Алматыда алдағы 7 күнге, 24 тамыздан 30 тамызға дейінгі ауа райы болжамын жариялады. Болжам OpenWeather порталында көрсетілген, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

24 тамызда қалада жаңбыр жауады. Ауа температурасы орта есеппен +22 градусты құрайды. Күндіз ауа +31 градусқа дейін жылыса, түнде +16 градусқа дейін төмендейді. Жел жылдамдығы 6,8 м/с болады.

25 тамызда аздаған жаңбыр күтіледі. Температура шамамен +23 градус, ең жоғары көрсеткіш +28 градус. Жел жылдамдығы 4,5 м/с-қа дейін жетеді.

26 тамызда ашық аспан болады. Орташа температура +23 градус, күндіз +29 градусқа дейін көтеріледі. Жел 4,0 м/с.

27 тамызда да ашық ауа райы сақталады. Ең жоғары температура +30 градус, түнде +18 градусқа дейін төмендейді. Жел 3,0 м/с.

28 тамызда күндіз ауа +33 градусқа дейін жылып, түнде +20 градусқа дейін салқындайды. Жел 2,9 м/с.

29 тамызда ашық аспан күтіледі. Температура орта есеппен +28 градус, ең жоғары көрсеткіш +34 градус. Жел 4,0 м/с.

30 тамызда ауа +34 градусқа дейін жылып, түнде +18 градусқа дейін төмендейді. Жел 5,5 м/с болады.