...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда кортеждің қауіпті жүрісі бейнеге түсті: төрт жүргізуші жауапқа тартылды

Алматыда Шығыс айналма автомобиль жолында (ШААЖ) кортеждің қауіпті жүрісі қайтадан бейнеге түсті. Жолаушылар көлік терезелерінен шығып, машиналар «жыланша» қозғалған. Құқық бұзушылар жауапқа тартылды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде ШААЖ-дағы кезекті оқиғаның видеосы пайда болды, онда кортеж қатысушылары қауіпті маневрлер жасап, Жол жүрісі ережелерін бұзған. Кадрларға қарағанда, жас қыздар мен жігіттер көлік терезелерінен шығып, ал машиналар «жыланша» қозғалған. Болжам бойынша, көліктерде мектеп бітірушілер болған, олар осы күндері оқу аяқталуын тойлап жүр.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі NUR.KZ-ге тексеру нәтижесінде барлық қатысушылардың жеке басы анықталғанын хабарлады. Әкімшілік жауапкершілікке төрт жүргізуші мен бір жолаушы тартылды.

«Үш жүргізушіге қатысты қауіпті маневр жасау, жолаушыларды көлік салонынан тыс тасымалдау және авариялық жағдай туғызу бойынша әкімшілік материалдар жасалды. Тағы бір жүргізуші жолаушыны көлік салонынан тыс тасымалдағаны үшін жауапқа тартылды. Сонымен қатар, көлік салонынан тыс болған жолаушының өзі де жауапқа тартылды», — деп атап өтті полицияда.

Алматы ПД барлық қатысушылармен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, мұндай бұзушылықтарға жол бермеу және жол жүрісі ережелерін қатаң сақтау қажеттігі түсіндірілгенін қосты.

Дереккөз: Nur.kz