...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыда кино тарихына арналған алғашқы парк салынып жатыр

Алматының «Қазақфильм» шағын ауданында еліміздегі тұңғыш кинематографиялық парк салынып басталды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Бұл парк қазақстандық кино тарихына арналады. Сондай-ақ Бостандық ауданын кешенді абаттандыру аясындағы ең ауқымды жобалардың бірі – Бірінші президент паркін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылып, жаңартылған кеңістік 2027 жылы ашылады деп жоспарлануда. Мұнда жол-соқпақ торы, автоматты суару жүйесі, су қоймалары, кіреберіс тобы, колоннада және орталық алаң жаңартылуда.

Сонымен қатар Flow Park құрылысы аяқталды. Онда скейт-аймақ, памп-трек, BMX-трассалары, вело мектебі пайда болып, 700-ден астам ағаш отырғызылды.

Бұдан бөлек, магистральды көшелерді кешенді жаңарту, аулалар мен тұрғын үйлердің қасбеттерін жөндеу жалғасуда.

2027 жылы жаңа аумақтарды абаттандыру, оның ішінде Сатпаев пен Байзақов көшелерінің қиылысындағы көпір астындағы кеңістікте төрт мезгіл жұмыс істейтін жастар хабын ашу жоспарланып отыр.

Бұған дейін Бостандық ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков Бірінші президент паркі қашан ашылатынын және Алматыдағы 40 қабатты үйдің құрылысы туралы айтқан болатын.