...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыдағы Бірінші президент саябағы 2027 жылы ашылады, 40 қабатты үй жобасы тоқтатылды

Алматыдағы Бірінші президент саябағының реконструкциясы 2027 жылы аяқталып, жұртқа ашылады, ал Абай даңғылының бойындағы 40 қабатты тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтатылды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Саябақ ауданы 73 гектардан асады, онда су жүйесі толық жаңартылып, 18 мың шаршы метр жол жабындысы ауыстырылуда. Жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізіліп, жаңартылған саябақ 2027 жылы ашылады. Бұл туралы қала әкімі мәлімдеді.

Әкімнің айтуынша, жұмыстар аяқталған соң саябақ қолданыстағы жасыл желектерді сақтай отырып, абаттандырылады.

Есентай және Үлкен Алматы өзендерінің жағалауындағы құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталған. Қазір екі нысан бойынша мемлекеттік қабылдау рәсімдері жүріп жатыр. Мердігерлер кепілдік бойынша барлық ескертулерді өз есебінен жоймайынша, түпкілікті актілерге қол қойылмайды.

Абай даңғылынан жоғары салынатын 40 қабатты ғимарат жобасы қабылданбады, құрылыс параметрлері Бас жоспар талаптарына сәйкестендірілді.

40 қабатты RAMS Beyond Almaty тұрғын үй кешені Тимирязев және Сейфуллин көшелерінің қиылысында салынуы жоспарланған болатын. Бірақ бекітілген жобалау-сметалық құжаттама, мемлекеттік сараптама болмағандықтан және заңнама бұзылғандықтан, жоба тоқтатылып, мұздатылды.

2026 жылдың қыркүйегінде Бірінші президент саябағы реконструкция кезеңінде толығымен жабылатыны белгілі болды. 2010 жылы ашылғаннан бері 15 жылдан астам уақыт ішінде онда ауқымды реконструкция жүргізілмеген.