...
... Алматы
USD—
EUR—
RUB—
Алматы жаңалықтары

Алматыдағы бір жоғары оқу орнының проректоры сыбайлас жемқорлыққа күдікті ретінде ұсталды

Алматыдағы бір жоғары оқу орнының проректоры сыбайлас жемқорлыққа күдікке ілініп, қамауға алынды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қала прокуратурасының мәліметінше, ведомствоаралық тергеу-жедел тобы Қ. және басқа да тұлғаларға қатысты бірқатар сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

«Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының санкциясымен жоғарыда аталған қылмыстық іс бойынша фигуранттарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды», — деді қадағалау органында.

Істің өзге мән-жайлары жария етілмейді.