...
... Алматы
USD
EUR
RUB

Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифі өзгереді: кімге жеңілдік беріледі

Алматы мәслихатының сессиясында халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму тарифтеріне өзгерістер енгізу жобасы қаралды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Қалалық экология және қоршаған орта басқармасының басшысы Серік Әділбаевтың айтуынша, түзету Қазақстанның салық заңнамасындағы өзгерістерге байланысты. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚҚС мөлшерлемесінің ұлғаюы көзделген өзгерістер күшіне енді, бұл қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы қызметтердің өзіндік құнына әсер етті.

— Тарифтің өзгеруі тек ҚҚС мөлшерлемесінің 12%-дан 16%-ға дейін көтерілуіне байланысты. Сонымен қатар, әлеуметтік осал топтағы азаматтар үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару қызметтеріне ақы төлеу бойынша жеңілдіктер қарастырылған, — деп түсіндірді Серік Әділбаев.

Тарифті түзету тек ҚҚС мөлшерлемесін ұлғайту бөлігінде жүргізілді. Тарифтің қалған құрамдас бөліктері өзгеріссіз қалады. Нәтижесінде тарифтің өсуі шамамен 3,6% құрайды.

Сонымен қатар, жобада азаматтардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік қолдау шаралары қарастырылған:

— Ұлы Отан соғысының қатысушылары — 100% төлемнен босату;
— Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдар, I топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, сондай-ақ мүгедек балалардың ата-аналары мен заңды өкілдері, жетім балалар — 50% жеңілдік;
— II топтағы мүгедектер және әлеуметтік осал топ өкілдері — 25% жеңілдік.

Серік Әділбаев атап өткендей, ұсынылып отырған өзгерістер қалдықтармен жұмыс істеу жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге, заңнама талаптарын орындауға және қала тұрғындарының ең осал санаттары үшін әлеуметтік қолдауды сақтауға бағытталған.

Жобаны Алматы мәслихатының депутаттары қолдады.

Дереккөз: Inform.kz