Алматы жаңалықтары

Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифі өзгереді: кімге жеңілдік беріледі

Алматы мәслихаты ҚТҚ тарифтерін түзету жобасын қарады. Тарифтің өсуі ҚҚС-тың 12%-дан 16%-ға көтерілуіне байланысты шамамен 3,6% құрайды. Әлеуметтік осал топтарға 100%, 50% және 25% жеңілдіктер қарастырылған.