...
... Алматы
USD
EUR
RUB
Алматы жаңалықтары

Алматыда КАМАЗ пойызбен соқтығысты: жүргізуші ауруханаға жатқызылды

Алматыда жүк көлігі КАМАЗ теміржол құрамымен соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүк көлігінің жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.

Оқиға Түрксіб ауданында болды. Алдын ала мәлімет бойынша, КАМАЗ маневр жасау кезінде теміржол өткелінде тоғыз вагоннан тұратын құрамды сүйреген локомотивпен соқтығысқан. Соққыдан жүк көлігі қатты механикалық зақым алған. Жүргізуші медициналық мекемеге жеткізілді.

Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу басталды. Түрксіб ауданы полиция басқармасының қызметкерлері оқиға орнын тексеріп, апаттың барлық мән-жайын анықтауда.

Дереккөз: Inalmaty.kz