Алматыда мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер телімдерін сатып алу мәселелеріне арналған кеңес өтті. Бұл туралы қала әкімі Дархан Сатыбалды хабарлады, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, қаланың полицентрлік дамуы аясында негізгі міндеттердің бірі — әрбір ауданды сапалы әлеуметтік, инженерлік және рекреациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, осылайша жайлы қалалық орта барлық тұрғындарға қолжетімді болуы тиіс.
Кеңес барысында басым инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін қажетті жер телімдерін уақтылы сатып алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Қатысушылар автомобиль жолдарын салу және реконструкциялау, метроның жаңа станцияларын, инженерлік желілерді, сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау, спорт және қоғамдық кеңістіктер нысандарын салуға арналған жер телімдері бойынша жұмыс барысын қарастырды.
Кеңес қорытындысы бойынша Алматы әкімі басым нысандар үшін жер телімдерін сатып алудың барлық рәсімдерін белгіленген мерзімде аяқтауды және бұл жұмысты құрылыс кестелерімен синхрондауды тапсырды.
Дереккөз: Almaty.tv
