Алматы қалалық Полиция департаментінде ҚР Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарына түсу үшін үміткерлерді іріктеудің кезекті кезеңі басталды, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Сынақтар басталар алдында талапкерлермен қауіпсіздік техникасы бойынша міндетті нұсқаулық жүргізілді. Үміткерлер қол қою арқылы қауіпсіздік талаптарымен, дене шынықтыру бойынша бақылау нормативтерін тапсыру тәртібімен, сондай-ақ сынақ қорытындысы бойынша апелляция беру рәсімімен танысты. Полиция департаментінің медициналық қызметкерлері үміткерлерге медициналық талаптар мен дене шынықтыру нормативтерін тапсыруға жіберу критерийлерін түсіндірді.
Конкурстық іріктеуге барлығы 131 талапкер қатысуда, оның ішінде 91 жігіт және 40 қыз. Сонымен қатар, спорттық атақтары мен разрядтары бар (халықаралық дәрежедегі спорт шебері, спорт шебері және спорт шеберіне үміткер) 16 үміткер дене шынықтыру нормативтерін тапсырудан босатылды. Жігіттер 100 және 1000 метрге жүгіру, сондай-ақ турникте тартылу тапсырды. Қыздар 100 және 1000 метрге жүгіру және бір минут ішінде дене көтеру жаттығуын орындады, — деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің Арнайы және кәсіби даярлық басқармасында.
Іріктеу Қазақстан Республикасы заңнамасының және ішкі істер министрлігінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес жүргізілуде.
Дереккөз: Almaty.tv