
Алматыда газ құбырын жаңарту аясында көше астынан өтетін өткел салынады. Мамандар бұл жұмыстар тротуар бөлігінде жүргізілетінін және әл-Фараби даңғылында көлік қозғалысына кедергі келтірмейтінін айтты, деп хабарлайды Almaty.news ақпарат агенттігі.
Жоба бойынша көше астынан прокол жасалып, құбыр төселеді. Жолды жабу жоспарланбаған. Жұмысты сәуір айының соңына дейін аяқтау көзделген.
Қала әкімдігі тұрғындар мен қонақтарды уақытша қолайсыздықтарды түсіністікпен қабылдауға шақырды.
Дереккөз: Zakon.kz